Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
«Жаңа дәуірдің жаңа – астанасы»

Астананың 20 жылдық мерей тойына орай 5 желтоқсан күні «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» № 5 балалар кітапханасында қала мектептерінің 8 сынып оқушыларының арасында «Жаңа дәуірдің жаңа – астанасы» атты интеллектуалды сайыс өтті.

Сайыс Елбасымыздың мына сөздерімен ашылды: «Әр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз Астаналықтар - өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда».

Сайыс 4 турдан тұрды:

І- таныстыру.

ІІ- Ақмола-Астана (тарихқа көз жіберсек...)

ІІІ- Астана туралы жазылған әндерді тыңдай отырып, орындаушылары мен авторларын табу

ІҮ- Слайдтардың көмегімен ескі қала мен жаңа қала көшелерінің аттарын айту, сол көше туралы мағлұмат беру.

Интеллектуалды сайысқа қаланың 11-мектебінен 55 оқушы қатысты.

Әр топтың өзіне тұрарлық аттары болды- «Нұрлы жол», «Жас қыран», «Жалын», «Астана-Тәуелсіздік жеміс», «Армандар мекені», «Жұлдыздар», «Болашақ бастауы», «Жас ұлан», «Болашақ», «Silk way», «Жас қыран». Сайыстың қорытындысы бойынша:

І –орынды №48 мектептің «Жас қыран» тобы

ІІ-орынды №7 мектептен келген «Жас ұлан» тобы

ІІІ –орынды « Болашақ» тобы жеңіп алды.

Ынталандыру номинациялары бойынша: «Сұлу сөздің шебер» номинациясы – «Жас қыран» тобына, «Көрермендер көзайымы» номинациясы - «Астана-Тәуелсіздік жемісі» тобына, «Ең тапқыр» номинациясы - «Silk way» тобына

Эрудит номинациясы - «Нұрлы жол» тобына берілді.